$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да құлаған ұшақтың қаза тапқан пилоты әлі қар астында жатыр

25 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған 7-Gazelle SA341 тікұшағының пилоты Петр Устинов оқиға орнында қаза тапқан болатын. Оның мәйіті әлі сол жерде жатыр деп жазады Informburo.kz. Облыстық ТЖД мамандарының айтуынша, құтқарушылар мінген тікұшақ тек апаттан аман қалған адамды ғана алып кеткен. Ал, мәйітті тасымалдау үшін арнайы көлік жіберіліпті.

"Біз оқиға орнына жете алмай жатырмыз. Бұл жерді бірінші болып Алматы облысының тікұшағы тауып, аман қалған жолаушыны өзімен бірге алып кеткен. Ал, біз жаяу бара жатырмыз, жол жоқ болғандықтан көлікпен бару мүмкін емес. Біз тікұшақтың пилоты берген бағыт бойынша келе жатырмыз, бірақ, оның қаншалықты дұрыс екенін білмейміз. Осы бағыт бойынша іздеп көрмекпіз, әзірге ешқандай мәлімет жоқ", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, тікұшақ Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі Гапура Тұрлыхановаға тиесілі. Құтқарушылар алғашында құлаған тікұшақта үш адам болған деп мәлімдегенімен, кейін олардың саны екеу екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары