Азия чемпионы, Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Римма Волосенко ислам дінін қабылдады. Бұл туралы ол Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бір сұхбатта сіз діни ұстанымым туралы сұрадыңыз. Қазір бұл сауалға былай деп жауап берер едім. Құдай- ортақ, бірақ әркімнің жанына жақын ұстаным бар. Осы сауалмен жеке бапкеріме барып, "мені ислам дініне неге тартып тұрады", деп сұрадым. "Бұл - сенің ойың, егер қаласаң, мен де, сенің ата-анаң да ештеңе дей алмаймыз. Бұл - сенің жан дүниең", деді ол. Жарыс, маңызды турнирлер алдында ішкі түйсігім исламның маған жақын екендігін көрсетіп тұратындай. Өзінің тазалығымен бөлектеніп тұратын секілді. Бұлай сөйлегенім артық шығар. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымы ұнады, - дейді боксшы.