$ 495.2  522.34  4.94

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар жаппай өз тамырларын кесті деген ақпарат тарады

Облыстық ҚАЖД ресми мәлімдеме жасады.
Фото: Inform.kz
Фото: Inform.kz

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы түрмелердің бірінде сотталғандар тамырларын кескендігі туралы хабар тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда облыстық ҚАЖД мәліметінше, бұл - шындыққа жанаспайды.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің № 18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өз өздеріне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда 14 қыркүйек күні осы түрмеде екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғанын хабарлаймыз. Сотталғандар бұл әрекеттерін мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасағанын, ұстау тәртібімен және шарттарды жұмсартуды, атап айтқанда, мекемеде еркін қозғалып тұруды, телебағдарламаларды көруді және камера есігін құлыптамауды талап ететінін түсіндірген, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары