Бейресми мәліметке сәйкес, KazSat-3 жер серігіне байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде мәселе туындаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған себеп - жерсерікке қатысты штаттан тыс жағдайдың болуынан.
Әзірге, бейресми ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік телеарналар KazSat-2 жер серігінің резервтік хабар тарату қызметіне қосылған.
Кабельдік операторлар желілеріне қосылған телеарналардың ретрансляцияны тоқтатуына олардың KazSat-2 жер серігі арқылы тарайтын мемлекеттік телеарналардың резервтік сигналын қабылдай алмауынан болуы мүмкін, - делінген хабарламада.