16.09.2023, 21:30

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған 2 адам ұсталды

фото: ҰҚК
Олардан экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді.

Биыл 9 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни ұйымның өкілдері ұсталды, деп хабарлады Skifnews.kz. 

Терроризмді насихаттау бойынша күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.