Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұмыс істеу арқылы танымал болған промоутер Том Леффлер қазақстандық спортшының мансабындағы керемет жетістігін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Жақында Геннадий беделді The Ring журналының нұсқасы бойынша орта салмақтағы 613-ші аптасын атап өтті. Оның есімі рейтингіге алғаш рет 2011 жылы енгізілген.
GGG есімі The Ring рейтингісіне шыққанына 613 апта болды. Алғаш бірге жұмыс істей бастаған кезімізде Германияның Дюссельдорф қаласында өткен жұдырықтасудың бірінші раундында Лахуан Саймонды нокаутқа түсіріп, үздік «ондыққа» кіргені есімде. Ол кезде Феликс Штурм есімі 500 апта бойы рейтингтің басында тұрды. Менің мақсатым Феликстің бұл жетістігінен асып түсу болды. GGG бұл көрсеткішті екі жылдан астам уақытқа басып озды. Бұл - ұзақ уақыт бойы орта салмақ дәрежесінің жоғарғы белесіндегі жаһандық жетістігі мен талантының дәлелі. Бұл - Германиядағы 500 орындық қонақүй залынан бастап дүние жүзіндегі аншлагтары бар ареналарға дейінгі тамаша саяхат», - деді Леффлер.
Еске сала кетсек, Головкиннің соңғы жекпе-жегі бір жыл бұрын – 2022 жылдың қыркүйегінде өткен, онда ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен үшінші раундта Сауль «Канело» Альварестен ұтылды.