Екібастұздық әйел жұмысқа орналасу кезінде "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі берген жалған дипломды пайдаланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дипломның жалған екенін Павлодар облысының полицейлері анықтады.
Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды, - дейді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов Полицейлердің мәліметінше, бүгінге дейін өңірде жалған құжат жасаудың 59 дерегі тіркелген.