17.09.2023, 14:30

Астанада көпірлердің бірінде бір ай көлік қозғалысы шектеледі

Фото: egemen.kz
Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.

Елордада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлаймыз.  Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16 қыркүйек және 15 қазаны аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.  Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылатын болады, - делінген хабарламада.