$ 447.4  477.55  4.76

Қостанайда ажырасу рәсіміне келген ер азамат әйелін бауыздап тастады

Қостанай сотына ажырасу үшін келген ер азамат әйелін ажырасу рәсімі кезінде бауыздап тастады деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға Қостанай облысының Амангелді ауданында орын алған. Бұл деректі Амангелді аудандық ІІБ-нің өкілдері растап отыр.

"Адам өлтіру дерегі расымен де орын алды. Қанды оқиға Амангелді аудандық соты ғимаратының алдында болған. Ерлі-зайыптылар ажырасу үшін келген. Ер азамат әйелін бірнеше рет пышақтады", - дейді полицейлер.

Әзірге өзге ақпараттар айтылмай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары