$ 448.15  483.46  4.86

В.Путин Қырғызстандағы базасын кез-келген уақытта жинап алып кетуге дайын екенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азиядағы үш мемлекетке сапары аясында 28 ақпанда Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Екі елдің басшылары бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшыларының кездесуінде РФ мен Қырғызстан арасындағы әріптестік мәселелері талқыланғанын мәлімдеді.

Кездесуде Кант қаласында ресейлік әскери базаны кеңейту мәселесі талқыланбаған - мемлекет басшылары қырғыз әскерін нығайту және қару-жарақ жеткізу мәселелерін қараған. Атамбаевтың айтуынша, Ресей Қырғызстан қарулы күштерін нығайтуға көмектескісі келеді. Путин Кант қаласындағы ресейлік базаның пайда болу тарихын еске салып өтті.

"Ол қырғыз басшылығының сұрауымен 1999-2000 жылдары пайда болды. Сол кезде Қырғызстан халықаралық террористердің шабуылдарына тап болды, олар мұнда Ауғанстаннан келген еді. Сол кезде Қырғызстан басшылығы менен тез арада әскери контингент орналастыруымды сұрады", - деді ол.

Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстан өтінішімен базаны алып кетуге дайын. "Қырғызстан қарулы күштерін жеткілікті деңгейде нығайттық, база енді қажет емес дейтін болса, онда біз сол күні кетеміз", - деді Ресей басшысы.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары