17.09.2023, 20:30

Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды

Фото: weproject.kz: UGC
Air Astana қонудың штатты режимде болғанын түсіндірді.

Алматыдан Ташкентке ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға шұғыл түрде қайта қонды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйекте А320 ұшағында Алматы – Ташкент бағыты бойынша КС 127 рейсі кезінде қозғалтқыштың техникалық ақауына байланысты әуежайға қайта оралды.

Air Astana қонудың штатты режимде болғанын түсіндірді. Жолаушылар тамақпен және сусындармен қамтамасыз етілген.

Рейс енді резервтік ұшақпен ұшпақшы.