19.09.2023, 12:20

Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 609 млн теңге заңсыз төленген

Фото: pixabay
Осыған байланысты бір есепші мен төрт мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында жұмыс істемейтін мұғалімдерге 600 млн теңгеден аса қаражат заңсыз төленіп келген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Облыстық білім басқармасы ақшаны тек қағаз жүзінде ғана тіркелген 13 адамның атына аударып отырған. Осы факт бойынша алты есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Біреуіне сот үкімі шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге көлемінде шығын мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ мұғалімдермен мәміле жасау арқылы жалақыны көтеріп төлеу фактісі анықталған. Осыған байланысты бір есепші мен төрт мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.