$ 442.05  474.14  4.74

Үш мыңға жуық тұрғын үй қысқы кезеңге әлі дайын емес - министр

Дайындалмаған нысандарының ең көп саны Абай, Ақтөбе , Атырау облыстарында байқалады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, сегіз өңірде 42 білім беру нысаны бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жиырма төрт нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған.

Ол атағандай, денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9% құрайды.

Тоғыз өңірде алпыс екі (62) нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда. Дайындалмаған нысандарының ең көп саны Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында байқалады. Тұрғын үй қорының дайындығына келетін болсақ, қырық жеті мың үйде дайындық жұмыстары аяқталды, бұл жоспардың тоқсан төрт пайызын (94%) құрайды. Үш мыңға жуық тұрғын үй (2 993) қысқы кезеңге әлі дайын емес. Дайындықтың төмен қарқыны Маңғыстау облысында (891 тұрғын үй), Шымкент (478 тұрғын үй) және Алматы (331 тұрғын үй) қалаларында, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары