$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 19.09.2023 сағат 14:20

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Олар – осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері.
Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
фото: polisia.kz

Ақтөбеде адам қаза тапты, деп хабарлады Skifnews.kz. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 18 қыркүйекте сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе – Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған.

39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қаза тапқандардың барлығы – осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері, – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар