$ 494.87  520.65  4.91

Степногорда мектептің бас бухгалтері бір жылда 36 млн теңге жымқырған

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады.
Фото: qov.kz
Фото: qov.kz

Степногор қаласында ЭЦҚ кілті арқылы 36 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырған мектептің бас бухгалтеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Степногор қалалық сотында белгілі болғандай, сотталушы әйел 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін мекеменің шотынан өзінің банк шотына қаражат аударып отырған.

Осылайша ол қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмыс (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-бөлімшесі) жасаған.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады.

Оның кінәсі сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен, сондай-ақ, ұялы телефонын қарау, куәгерлерден, мамандардан жауап алу хаттамаларымен, жеке шотымен расталды.

Ол сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адамнан келген материалдық залал өндірілді. Сотталушының асырауында төрт жас баласы бар екенін ескере отырып Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалады», - деді Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінен.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот