$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде оқушыларды мектепке қабылдау тәртібі өзгереді

Бұйрық жобасы 3 қазанға дейін талқыланады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Елімізде балаларды мектепке қабылдауға қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.

Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады, - делінген құжаттың жаңа редакциясында.

Қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді. Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал.

 10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі де өзгереді.

Оныншы, он бірінші, он екінші сыныптарға білім алушыларды қабылдау олардың жеке өтініші не ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат негізінде жүзеге асырылады. Өтініш күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады, - деп жазылған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында.

Бүгінгі күнге дейін аталған сыныптарға балалардан құжат қабылдау 15 тамызда аяқталатын. Енді оның уақыты 31 тамызға дейін ұзармақ.

Бұйрық жобасы 3 қазанға дейін талқыланады.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары