Туризм және спорт министрлігі еркін күрестен Қазақстан тарихында алғаш рет алтын медаль жеңіп алған Ризабек Айтмұқанның сыйақысын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ризабектің өзіне 15 мың доллар табысталады.
Бұдан бөлек, 15 мың долларды бапкерлері бөліп алады, - дейді мамандар.
Оқи отырыңыз: Отыз жыл күткен алтын: Ризабек Айтмұхан қазақстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды
Президент Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады
Айта кетері, Сербияда өткен әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда жерлесіміз әзірбайжандық Осман Нұрмағамедовты тізе бүктірді.