$ 439.4  473.54  4.76

Тараз қаласында жарылыс болды (ВИДЕО)

12 метр биіктіктен секірген, сүйегі сынған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Мектептегі жарылыс туралы хабарды жергілікті журналист Нурадин Рақай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпаратқа сәйкес үш адам оттан қорғанып, 3 қабаттан секіріп кеткен. Екі адам уланып қалған.

Сырлайтын бояу атылып кетті деген әңгіме тарап жатыр. Оқиға түнгі Шона Смаханұлы атындағы 44 мектепте сағат он екі шамасында болған. Жалпы Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Бұл жердегі мектептің балалары қазір үш мектепке қатынап оқиды. Жарылыс бір қызығы түнгі сағат он екіде болған. Осы жерде жүрген жас қыздар жалыннан қорғанып, үшінші қабаттан секірген. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. 12 метр биіктіктен секірген, сүйегі сынған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған, - деді журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары