21.09.2023, 09:20

Ақтауда аурухана өртенді

Фото: pixabay
Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған.

Алты қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шығып, 470 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды, - делінген баспасөз мәліметінде.

Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.