«Bureau Veritas» мамандары астаналық құрылыс компанияларының қызметкерлеріне арналған тұрақты тренингтерін өткізуде. Бүгін кезекті оқу барысында шетелдік сертификациялық компания қызметкерлері экологиялық құрылыстың негізгі стандарттары туралы баяндайды, деп хабаралайды skifnews.kz.
Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, қазіргі таңда көптеген құрылыс компаниялары «жасыл» құрылыс әдісі бойынша жұмыс жасауда. Бұл тәсілдерді біртіндеп біздің елімізге де енгізу жоспарланған. Себебі экологиялық құрылыстың бірқатар артықшылықтары бар. Ол құрылыс кезінде ресурстарды тиімді пайдалануға, қоршаған ортаға келетін залалды азайтуға, сонымен бірге пайдалануға берілетін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Әлбетте, оның ең басты артықшылығы тұрғындарды сапалы, экологиялық таза баспанамен қамту болып саналады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда «Bureau Veritas» астанада салынып жатқан жолдардың сапасын тексеруде. Компания мамандары бүгінгі таңда 50 жолды тексерді және Астанада өз жұмыстарын ары қарай жалғастыруда.