Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылдың 22 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, түнде батыстан 2-7 жел соғады, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.
Алматыда – күн бұлтты, арасында қатты жаңбар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +12+14°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
Дереккөз: zakon.kz