21.09.2023, 23:30

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: olympic.kz
Ол енді Ханчжоудағы Азия ойындарында 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила польшалық Наталья Сразалканы 4:1 есебімен жеңіп, Сербиядағы әлем біріншілігінде үшінші орын алды.

Енді Жәмила Бақбергенова екі аптадан кейін Ханчжоудағы Азия ойындарында 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.