$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау әкімінің орынбасарына жарты млн теңге айыппұл салынды

Ол мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерді біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Ақтау әкімінің орынбасары 483 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жыл басынан бері облыстың жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті шенеуніктерге қатысты 30 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Бюджетке барлығы 10 миллион теңгенің айыппұлдары төленді. Соның ішінде Ақтау әкімінің орынбасары да бар, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Департамент басшысы Шамұрайт Шәменовтың айтуынша, әкімнің орынбасары мемлекеттік қызметшілерге қатысты шектеулерді біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Осы әрекеті үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) бойынша жауапқа тартылды.

Сол үшін оған 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Шәменов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, осы заң бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш (690 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Ал құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркiленуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары