$ 442.05  474.14  4.74

Елімізде ауыр жұмыс істегені үшін арнайы төлемдер кімдерге төленетіні белгілі болды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін 300 мың қазақстандықтың ішінде ондаған мың адамға ғана 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап арнайы төлемдер төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, төлемдерден үмітті болу үшін кеншілер мен басқа да жұмысшылардың жасы 55 жастан төмен болмауы және ауыр еңбек жағдайларында кемі жеті жыл жұмыс істеуі қажет.

Арнайы төлемдер бірнеше көзден болады - бұл республикалық бюджет және сақтандыру компаниясының қаражаты. Төлем мөлшері әлі де пысықталуда, бірақ 85 мың теңгеден кем болмайды, - деді Сарбасов Еңбек күніне арналған форумда.

Ол сондай-ақ қазір 300 мың қазақстандық ауыр еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқанын, алайда төлем шарттарына бірнеше он мыңдаған азамат қана сай келетінін атап өтті.

Дереккөз: Ulysmedia.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары