$ 494.87  520.65  4.91

«Жетім қалған»: 6 оқушыны қаққан жасөспірім туралы тың дерек шықты

Ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 6 оқушыны көлікпен қаққан жасөспірімнің әлеуметтік жағдайы, тәртібі мен оқу үлгерімі туралы мұғалімдері айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

10-сынып оқушысы ағасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Ол туған ағасының қамқорлығында. Өйткені 2011 жылы әкесінен, 2021 жылы анасынан айырылып, жетім қалған.

Ағасы Райымбек аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет етеді. Оқушының еш оғаш қылығы болған емес. Спортпен айналысады, сабақтағы үлгерімі де, тәртібі де өте жақсы оқушы. Бұл бір жазым болып тұр, - дейді Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің директоры Мүтәліп Стыбеков.

Оқушы тіпті мектеп ішілік өзін-өзі басқару комитетіне сайлауға қатысқалы жүрген.

Өзін-өзі басқару комитетіне ұсынылып, жақын күндерде сайлау өтеді деп жоспарлап жүр едік. Сайлауға кандидатурасын өзі ұсынды. Оқушының бойында жақсы қасиет көп, сыныптастарымен, мейлі кіммен болсын, қарым-қатынасы өте жақсы бала. Ата-анасының кенже ұлы. Марқұм анасын сондай қатты жақсы көретін, анасының да мейірімі бұл баласына ерекше еді, - дейді мектеп директоры.

Анасы өмірден өткенде мектеп психологтары баламен жұмыс істеген. Бала күйзеліске түспей, болашаққа ұмтылған жалындап тұрған оқушы дейді мұғалімдері.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары