23.09.2023, 01:30

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде топ-100 команданың қатарына кірді

Фото: kff.kz
Жақшада ұлттық құрама команданың осы кезге дейінгі рейтингте орналасқан орны жазылған.

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізді. Алғашқы матчта Финляндияға есе жіберсе (0:1), екінші ойында ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебімен жеңді.

ФИФА рейтингі. 21 қыркүйек 2023 жыл:

Жақшада ұлттық құрама команданың осы кезге дейінгі рейтингте орналасқан орны жазылған.

1. (1) Аргентина – 1851.73 ұпай

2. (2) Франция – 1840.76

3. (3) Бразилия – 1828.27

4. (4) Англия – 1794.34

5. (5) Бельгия – 1792.64

6. (6) Хорватия – 1747.83

7. (7) Нидерланд – 1743.15

8. (9) Португалия – 1728.58

9. (8) Италия – 1727.37

10. (10) Испания – 1710.72

18. (19) Дания – 1606.84

54. (54) Финляндия – 1418.43

59. (60) Словения – 1404.72

74. (64) Солтүстік Ирландия – 1333.2

98. (102) Тринидад және Тобаго – 1217.24

99. (101) Мавритания – 1207.39

100. (104) Қазақстан – 1206.94

101. (100) Ливан – 1205.56

102. (99) Үндістан – 1204.88

207. (208) Сан-Марино – 750.27

Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.