Балықтың қырылуы Исатай ауданында тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап.
Бұл оқиғаны тексеруге жұмыс тобы жіберілді, оның құрамына табиғатты қорғау департаменті, полиция бөлімі, ветеринария қызметі және жергілікті атқарушы органдардың мамандары кірді. Экология департаментінің мамандары зертханалық талдау үшін су мен топырақ үлгілерін алды.
Алдын ала болжам бойынша, балықтың қырылуына Каспий теңізіндегі қатты желдің әсерінен теңіз суының жылжуы себеп болуы мүмкін. Қосымша ақпарат зерттеу аяқталғаннан кейін беріледі.