$ 443.37  474.49  4.83

Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды

Рахмонов, биылғы жылды әдемі аяқтайық! 16 желтоқсанды асыға күтемін.
Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94
Фото: Instagram/shavkatrakhmonov94

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қарсыластар желтоқсанның 16-сы күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде кездеседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маған UFC-ден ұсыныс түсті, мен келістім. Рахмонов, биылғы жылды әдемі аяқтайық! 16 желтоқсанды асыға күтемін, - деп жазды Томпсон Twitter парақшасында.

Дәл солай жасайық, - деп жауап берді Рахмонов.

Стивен Томпсон – UFC ардагері. Ол қазір жартылай орта салмақтағы рейтингте жетінші орында тұр. Томпсон UFC-де 24 жекпе-жек өткізіп, 17 жеңіске жетіп, алты рет жеңіліске ұшырап, бір жекпе-жек тең аяқтаған. Соңғы жекпе-жегі 2022 жылдың 3 желтоқсанында отандасы Кевин Холландқа қарсы өтті. Томпсон техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Рахмонов кәсіби мансабы – ММА-да 17 жеңіске жетті, оның бесеуі UFC промоушенінің аясында өтті. 2023 жылдың наурызында америкалық Джефф Нилді айқын басымдылықпен жеңді.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары