Қазақстандық полицейлер қыркүйек айының басынан бастап 10 қылмыстық топ пен 75-тен астам мал ұрысын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түркістан облысында 4 адам жайылымнан мал ұрлап жатқанда ұсталды. Тамыз айынан бастап олар 3 бас ірі қара мен 4 жылқыны ұрлап кеткен. Қылмыскерлер малды алдын ала жалданған ГАЗель көлігіне тиеген.
Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, олар да өз іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлаған. Шілде айынан бастап 7 бас ірі қара мен 2 жылқыны ұрлап кеткен.
Бұл қылмыстық топ малды ауыл тұрғындарының қораларынан ұрлаған. Ұрланған малды далаға шығарып, сол жерде сойған. Олардың терісі мен ішегін, басын сол жерде қалдырып отырған.
Осылайша, ұрланған малдың етін Астананың базарларына өткізген.
ІІМ жыл сайын күз келісімен мал ұрлығы жиілеп бара жатқанын және бұл бірінші кезекте қысқа соғым дайындаумен байланысты екенін айтып отыр, сол себепті ведомство мал ұрлығының алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдап жатыр.