24.09.2023, 12:30

Азиада-2023: Дзюдошы Әбиба Әбужақынова жартылай финалға шықты

Фото: insporttv.kz
Ол Солтүстік Корея балуанын жеңді.

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Солтүстік Корея балуанын жеңді. Енді финалда Әбиба Әбужақынова Оңтүстік Корея балуанымен белдеседі. 

Сондай-ақ қазақстандық Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы заманауи бессайыстан жекелей сында 5-орынға ие болып, 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын ұтып алды.