$ 441.58  480  4.86

Азиада-2023: Дзюдошы Әбиба Әбужақынова күміс жүлдені жеңіп алды

Ол Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Фото: Di Feliciantonio Emanuele / ijf.org
Фото: Di Feliciantonio Emanuele / ijf.org

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоудағы өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Massaget.kz жазды.

48 килоға дейінгі салмақта отандасымыз финалда жапон қызы Нацуми Цунодамен кездесті. Үш дүркін әлем чемпионына қарсы белдесуде Әбиба қарсыласына жол берді. Қазақстандық спортшыға көзінің астындағы жарақаты да әсер етті. Медициналық көмекке де жүгінді. 

Айта кетейік, дзюдошы қазақ қызы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан. Жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді.

Әбиба Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары