$ 442.05  474.14  4.74

Атырау облысында қазба жұмыстары кезінде орта ғасырларда салынған үйлер табылды

Тандыр пештер, керамикалық ыдыстар, сүйек бұйымдары мен ортағасырлық монеталар да бар.
Фото: AtyrauPress
Фото: AtyrauPress

Атырау облысының Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде орта ғасырларға қатысты қызықты жәдігерлер табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Ерлан Тілекқабыловтың мәліметінше, қазба жұмыстары 4 қыркүйекте басталып, нәтижесінде орта ғасырларда салынған үйлердің қабырғалары, тандыр пештер, керамикалық ыдыстар, сүйек бұйымдары мен ортағасырлық монеталар табылған.

Қазір шамамен 800 шаршы метр аумақта қазба жұмыстары жүріп жатыр, экспедицияға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері де, жұмыссыз ретінде тіркелген ауыл тұрғындары да қатысып жатыр.

Қатысушылардың жалпы саны – 30 адам, жұмыс алға жылжыған сайын бұл сан көбейеді деп күтілуде.

Табылған артефактілер туралы ғылыми тұжырымдар әлі жасалған жоқ, дегенмен бұл олжалар өлке тарихы мен ортағасырлық мәдениетті зерттеу үшін үлкен қызығушылық тудырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары