$ 524.58  551.91  4.93

Кіреберісте балаларымен ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды

Әйелді әңгімелесуге шақырғанда да мас болып келген.
Фото: Azattyq Ruhy
Фото: Azattyq Ruhy

Ақтаудағы көпқабатты үйдің кіреберісінде бетон еденде екі кішкентай баласымен ұйықтап жатқан әйел екі айдан кейін ата-ана құқығынан шектелді. Бұл туралы білім басқармасының балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі баланың анасы 38 жаста. Ол Ақтауға Жамбыл облысынан жұмысқа келген. Онда ол пәтер жалдаған. Қазір төрт жасар үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Екі жасар қызы балалар үйінде.

Әйелді әңгімелесуге шақырғанда да мас болып келген. Осы уақыт аралығында ол балаларына бір-ақ рет барған.

Жұлдыз Ағманова балаларды әйелдің інісі қамқорлығына алмақшы.

Ол бұл үшін қажетті құжаттарды жинайды. Одан кейін Алматыдағы мекемелер тексеру жүргізеді. Оның қорытындысынан кейін балаларға қамқоршы болуға рұқсат береміз, - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары