25.09.2023, 11:40

Ұлытауда отбасымен Сирияға барып, лаңкестік ұйымға кірген содыр 6 жылға сотталды

Фото: ҰҚК
Үкім 2023 жылғы 22 қыркүйекте заңды күшіне енді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомство хабарлағанда, Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды аталған қылмыстарды істегені үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды, - делінген комитет хабарламасында.

Үкім 2023 жылғы 22 қыркүйекте заңды күшіне енді.