25.09.2023, 15:00

Астанада оқушы баспалдақтан құлады: Басшылықтың үстінен іс қозғалды

Фото: pixabay
Ал Астана қаласының Білім басқармасы баспалдақтың қоршауы болмаған деген ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқи отырыңыз: «Соқыр болып қалуы мүмкін»: Астанада оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті

Анасымен байланыстамын. Баланың жағдайы орташа ауыр, есін жоғалтпаған. Сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлердің нұсқауларын орындауда. Комаға түспеген, – деп жазды омбудсмен.

Зәкиева оқиғаға жауаптылар жазаланатынын мәлімдеді.

Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының сапасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, – деді ол.

Ал Астана қаласының Білім басқармасы баспалдақтың қоршауы болмаған деген ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.

Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда баспалдақтан құлаған. Баспалдақтың қоршауы бар. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында, - деп жазылған хабарламада.