26.09.2023, 12:20

Азиада – 2023: Ел қоржынына тағы бір күміс түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық мергендер осымен үшінші медальге қол жеткізіп отыр.

Қазақстандық мергендер Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан 1111 балл жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшылары (1116 ұпай), ал қоланы Индонезияның командасы (1098) алды.

Қазақстандық мергендер осымен үшінші медальге қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қоланы жеңіп алса, Ислам Сәтбаев мен Александра Ле жұбы 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында үшінші орынға ие болды.