$ 484.11  528.79  5.03

Қазақ спортшысы Азия ойындарына арналған киімнің сапасына шағымданды (ВИДЕО)

Футболкамды қараңыз (футболкадағы тесікті көрсетті), тез жыртылып жатыр.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында маунтинбайктен Қазақстан құрамасының спортшысы Алина Саркулова өзінің спорттық формасының сапасына шағымданып, видео жариялады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бізге берілген форма туралы не айта аламын? Кроссовкамыз жарамсыз. Мен оны екі-ақ рет кидім, екінші рет кигенде табаны ажырап кетті. Футболкамды қараңыз (футболкадағы тесікті көрсетті), тез жыртылып жатыр. Шалбарымыз да дәл сондай. Жіптері сетінеп, жыртылып кетті. Спорттық формамыз бір киюге ғана жарайды. Біздегі жағдай осындай, - деді Саркулова.

Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құрама спортшыларының киіміне байланысты мәлімдеме жасап, форманың қазақстандық өндірушілерден алынғанын хабарлады.

Қолданыстағы қаулыға сәйкес, кез келген спорттық киім-кешек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуы керек. Ондай тәжірибе бар. Ұлттық құрамалар ірі жарыстарға киім-кешекті тек отандық өндірушілерден ғана сатып алады.Қазақстанда да осы тәжірибе бойынша спорттық форма отандық өндірушілерден сатып алынды. Дизайн, мата сапасы мәселелері федерация өкілдерімен талқыланды. Шешім алқа отырысында қабылданды. Спортшылардан комитетке шағым түскен жоқ, - делінген мәлімдемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары