$ 494.87  520.65  4.91

Азиада формасы сынға қалды – министрлік жауап берді

Азиаданың спорттық формасы әдеттегідей қазақстандық өндірушілерден сатып алынған.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Туризм және спорт министрлігі Азиада спартакиадасы үшін отандық спортшыларға дайындалған спорттық форманың сапасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қолданыстағы қаулыға сәйкес спорттық киім-кешек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуы керек. Ондай тәжірибе бар. Айтулы жарыстарда ұлттық құрамалар отандық өндірушілерді қолдайды. Яғни қазақстандық форманы сатып алады, осылайша жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі болады,- делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қазақ спортшысы Азия ойындарына арналған киімнің сапасына шағымданды (ВИДЕО)

Ақпаратта айтылғандай, Азиаданың спорттық формасы әдеттегідей қазақстандық өндірушілерден сатып алынған.

Форманың дизайны, мата сапасы мәселелері жаттықтырушылар штабының өкілдерімен және спортшылар арасында талқыланды. Шешім алқа отырысында қабылданды. Спортшылардан форма бойынша комитетке шағым түскен жоқ. Біз Азия ойындарында осындай жауапты сайыстар кезінде спортшылардың эмоцияларын түсінеміз. Қазір басқарушы құрам спортшыларға қажетті жағдай жасау үшін барлық бағытта жұмыс жүргізіп жатыр, - дейді министрліктен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары