$ 444.14  477.05  4.85

Димаштың жанкүйерлері Азия ойындарында қазақ спортшыларына қолдау көрсетті

Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіріп жатыр.
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Біздің құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.

Қазақстан дзюдошыларының белдесуін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын, - деді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.

Сонымен қатар Азиадада жүрген еріктілердің арасында Қазақстан спортшыларына қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіріп жатыр.

Иә, мен Димашты білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл - өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі, - дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.

Дереккөз: zakon.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары