$ 494.87  520.65  4.91

Баспалдақтан құлаған бала: Министр мектептерге тексеру жүргізуді тапсырды

Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бүкіл мектептегі қауіпсіздік шараларын бақылауды күшейту керек. Мұны аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Күні кеше Астана қаласында №14 мектепте оқушымен болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады. Сіздерге үнемі айтылатын дүние: «Мектепте балаларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою маңызды. Сондықтан бүкіл мектептегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту керек», - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен бірге министр өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне мектепке барып, қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары