Бүкіл мектептегі қауіпсіздік шараларын бақылауды күшейту керек. Мұны аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күні кеше Астана қаласында №14 мектепте оқушымен болған оқиға бәрімізді алаңдатты. Бұдан жекелеген аймақтардағы білім басқармаларының бұл мәселені жіті бақылауда ұстамай отырғанын байқауға болады. Сіздерге үнемі айтылатын дүние: «Мектепте балаларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін басты орынға қою маңызды. Сондықтан бүкіл мектептегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту керек», - деді Ғани Бейсембаев.
Сонымен бірге министр өңірлердегі білім басқармаларының жауапты қызметкерлеріне мектепке барып, қауіпсіздік шараларын орындау барысын тексеруді тапсырды.