27.09.2023, 05:30

Жетісуда көлік аударылып, бір адам қаза тапты

Фото: polisia.kz
Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Оқиға Ақсу ауданындағы «Көлтабан-Матай» тасжолында Mitsubishi Montero Sport көлігінің қатысуымен болды. 

Ауылдық жолдың 50-шақырымында 63 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай аударылып кетті. Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.. ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында