Үндістандыққа тұрмысқа шыққан қарағандылық туралы жаңа дерек шықты. Бұл туралы қоғам белсендісі, "НеМолчиKZ" қорының президенті Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қорға жүгінген қарағандылық Үндістандағы Калькутта қаласында тұрып жатқанын, 10, 3 және 1 жастағы балалары бар екенін айтқан еді. Қор мәліметінше, күйеуі оны 4 жыл бойы соққыға жығып, тұншықтырған, тіпті астан шектеп, отбасына көмектеспей, ішімдікке салынған. Сондай-ақ, оларға ешкімді кіргізбей, оларды да ешқайда шығармаған. Қызына оқуға мүмкіндік бермей, оған да шабуыл жасаған. Қорқытып, есіктерді сындырып, әйелдің бар жинағын алып кеткен, деп жазады massaget.kz.
Дина Таңсәрі олардың елге келе жатқанын жазды.
Дели әуежайындамыз, Алматыға ұшағымызды күтіп отырмыз. Әзірге бәрі жақсы. Алматыға жеткен бойда, байланыс болған кезде сізге жазамын. Бізде бәрі жақсы, тек шаршадық. Сізге тағы да рақмет, сіздің арқаңызда қауіпсізбіз, - деп жазған әйел қорға.