$ 443.37  474.49  4.83

«1 млн 900 мың теңге»: KEGOK басшысы айлығы қанша екенін айтты

Бүгін компания басшысы Самұрық-Қазына ғимаратына келіп, баспасөз мәслихатын өткізген.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

«KEGOK»  акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы мен өзінің еңбекақысын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін компания басшысы Самұрық-Қазына ғимаратына келіп, баспасөз мәслихатын өткізген. 

Брифинг барысында журналистердің бірі одан айлығын сұрады. Нәби Айтжанов компания қызметкерлері айына орта есеппен 400-450 мың теңге алатынын айтты.

«KEGOK» компаниясы бойынша қызметкерлердің орташа айлығы – 450 мың теңге. Ал өзімнің айлығым 1 млн 900 мың теңге, - деп жауап берді Нәби Айтжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары