$ 495.2  522.34  4.94

Самат Әбіш лауазымын асыра пайдалану фактісімен тергелуде – Бас прокуратура

Айтуынша, С. Әбіштің елден кетпеу туралы қолхаты бар.
Фото: ar.egemen.kz
Фото: ar.egemen.kz

Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Бұл жайында Бас прокуратура тиісті мәліметті жариялаған болатын, – деді Ә. Шындалиев.

Айтуынша, С. Әбіштің елден кетпеу туралы қолхаты бар.

Ол қазір Қазақстанда. С. Әбішке қатысты Қаңтар оқиғалары кезінде билік пен лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Елден кетпеу туралы қолхаты аясында оның үйінің алдында қарауыл болмайды. Ол өз үйінде тұрады. Тергеуші шақырған кезде, өзі барады. Сонымен қатар адвокаттармен және басқа адамдармен кездесе алады, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары