Ақмола облысында жұмысшы биіктіктен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
716.kz порталының жазуынша, 24 қыркүйек күні сағат 14.15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем станциясынан жұмыс орнында ер адамның қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводское кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы көз жұмғанын анықтады. Ер адам биіктіктен бекітілген бетон тірегімен бірге құлап, қайтыс болды. Полицейлер осы дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген хабарламада.
Бүгінде мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.