27.09.2023, 22:30

Екібастұзда жаңадан жасалған құбыр жарылды

Фото: Pixabay
Су құбырындағы ақау 26 қыркүйекте болған.

Екібастұзда жаңадан жасалған құбыр жарылған. Құбырдан шыққан су көкке су бұрқақ болып атқылаған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жоспарға сәйкес 20-23 қыркүйек аралығында № 5, 8, 12 қайта жаңартылатын жылу магистральдарын жуу және сығымдау жұмыстары жүргізілді. Сынақтар барысында жаңа желілерге зақым келген жоқ, - дейді әкімдік.

Су құбырындағы ақау 26 қыркүйекте болған. Жоспарға сәйкес, 26-30 қыркүйек аралығында №2 жылу магистралі сынақтан өткен.

26 қыркүйекте Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде №2 магистральдық құбырдың қайта жаңартылған учаскесінде 24 л жылу камерасындағы тығыздағыш компенсаторда ақау анықталды. Қазіргі уақытта зақымданған жері жасалып, жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, - дейді ведомство.

Дереккөз: Спутник Қазақстан