Қарағанды қаласының бірнеше көшесі қатты жаңбырдан кейін су астында қалды. Қала билігі жолдарда жиналған жаңбыр суын тезірек ағызу үшін кәріз құдықтарының қақпағын ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағандыда нөсер бір сағатқа ғана созылды, бірақ осы уақыт ішінде кеншілер астанасы топан су астында қалды. Жаңбырдан ең көп зардап шеккен екі учаске – Н. Әбдіров даңғылы мен Ерубаев көшесінің қиылысы, сондай-ақ вокзал маңындағы алаң. Жағдайды жедел шешу үшін қала билігі суағарлардың қақпақтарын ашты, деп жазады ҚазАқпарат.
Осы сәтте қалыптасқан жағдайға келер болсақ. Бұл жаңбыр қарапайым емес, нөсер жаңбар болды. Бұлттар бір сағат бойы төніп тұрғанымен, жауын-шашын мөлшері керемет көп болды. Әлеуметтік желілерде жолдарда, өткелдерде, аулаларда басқа жерде су жиналғаны туралы бейнероликтер жарияланып жатыр. Қазіргі уақыттағы жағдайды нақтылағым келеді. Қаладағы барлық суағар жүйесі, осыған дейін біз тазалаған және қызмет көрсетіп жатқан барлық суағарлар жұмыс күйінде. Бір уақытта осындай көп мөлшерде келетін суды біздің нөсерағарлар қабылдауға қауқарсыз. Сонымен қатар, қазір суағарлар қақпақтарын ашу туралы шешім қабылданды, бірақ олар судың барлық мөлшерін қабылдау үшін сәл уақыт қажет. Сонымен қатар, кейбір жерлерде жаңбыр ағаш жапырақтарын түсіріп, салдарынан қақпақтар бітеліп қалды. Сондықтан барлық қақпақтарды ашу туралы шешім қабылданды, - деп түсіндірді қала әкімі Мейрам Кожухов.
Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта қала бойынша жағдай тұрақталды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында әр сағат сайын жағдайды баяндауға уәде берді.
Су басқан екі учаскеге келетін болсақ, бұл көшелер қаланың ең төменгі бөлігінде орналасқан. Алайда, қазіргі уақытта жиналған жаңбыр суының басым бөлігі ағызылды.
Дегенмен, қала билігі жаңбыр қайталанатын жағдайда дайын болуы үшін түнгі кезекшілік ұйымдастырмақ.