Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко - Азиада чемпиондары.
«Скит» жаттығуының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан озық болды. Қорытынды есеп – 40:35.
Бұл – Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін үшінші алтын медаль.