Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
27 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делдал арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражатты алып жатқан жерінде облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваны ұстады, – деп хабарлады egovpress Telegram арнасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.
Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығын ұстады, – деп хабарлады департаменттен.